"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА ҮШІН БАСЫМ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Арнайы комиссияның 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 28 шешімімен  «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметінің басым бағыттарының тізбесіне "Балықты, шаянтәрізділердi және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу" (ОКЕД 10.2) қызмет түрін енгізу бекітілгенін хабарлайды. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ тиісті бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осылайша, өнеркәсіптік өндіріспен, құрылыс саласымен және логистикамен байланысты емес (АЭА қызметінің қолданыстағы негізгі бағыттары) экономиканың баламалы салаларын дамыту жөніндегі іс-шараларды іс жүзінде іске асыру басталды. Бұдан бұрын, ИИДМ тамақ өнеркәсібі саласындағы қызмет түрлерін мақұлдады, жеңіл өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері бойынша ұсыныстар енгізу үшін құжаттар пакеті дайындалуда.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 182